• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Желтоқсан, 2023

Жаңаша алғашқы отырыс

126 рет
көрсетілді

Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төр­аға­лығымен Инвестициялық штабтың жаңа форматтағы бірінші отырысы өтті.

Еске сала кетейік, осы жылдың желтоқ­сан айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ин­вести­циялар тарту жөніндегі кеңеске (Инвес­тициялық штабқа) ерекше өкілет­тіктер беретін Жарлыққа қол қойды.

Отырысты аша отырып, Роман Скляр инвестициялық штаб мүшелерінің алдына қойылған басты міндет инвестициялық жобаларды жедел түрде іске асыру және жалпы инвестицияларды тарту бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру еке­нін атап өтті.

«Инвестициялық штабтың негіз­гі міндеттерінің бірі – барлық дең­гейдегі инвестициялық жобалардың пробле­ма­лық мәселелерін шешу. Ол үшін қажетті құралдар мен өкілеттіктердің барлығы бар»,  деді бірінші вице-премьер.

Сонымен қатар Р.Скляр орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілігі арттырылғанын айтып өтті.

Отырыс барысында Инвестициялық штаб қызметінің жаңа тәсілдері қаралып, нақты инвестициялық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Роман Скляр инвесторлардың барлық проблемалық мәселесін қысқа мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға бірқатар қажетті тапсырма берді.