• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Ауа райы 08 Желтоқсан, 2023

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

259 рет
көрсетілді

8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Соның әсерінен бүгін аяз күшейіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Шығыс өңірлерде бұрқасын да болады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

«Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз -22-24 градус аяз күтіледі. Алматы қаласында 2+4 градус жылы болады. Ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Шымкентте көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта тұманды ауа райы күтіледі. Ауа температурасы 4+6 градус жылы болады», делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 7 желтоқсан күні сағат 18.00-ден бастап аязға байланысты Астана қаласынан шығатын барлық республикалық жолдар жабылды.