• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Хоккей 11 Желтоқсан, 2023

Будапештте бақ сынайды

85 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден Қазақстанның жастар құрамасының аға жаттықты­рушысы Сергей Старыгин әлем бірін­шілігіне қатысатын ойыншы­лардың есімдерін атады.

Бұл тізімге мына хоккейшілер енді: Қақ­пашылар – Владимир Никитин («Chilliwack Chiefs», BCHL, Канада), Владимир Истомин («АКМ-Юниор»), Артем Шестаков («Снеж­ные барсы). Қорғаушылар – Артем Авдеенко, Бейбарыс Оразов, Глеб Решетько, Мстислав Шипи­лин («Снежные Барсы»), Дмитрий Бреус («Чайка»), Кирилл Хан («Торпедо», Өскемен), Даниал Шақшақбаев («Номад»). Шабуылшылар – Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Роман Ермак, Кирилл Ляпунов, Алек­сандр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников, Егор Смолья­нинов («Снежные Барсы»), Александр Ким, Дав­лат Нұркенов («Assat», Финляндия), Все­во­лод Логвин және Руслан Оспанов («Барыс»).

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мажар­станның астанасы Будапештте бірінші дивизиондағы командалар арасындағы жастардың әлем біріншілігі басталды. Бұл жарыс 17 желтоқсанға дейін созылады.