• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Денсаулық 10 Желтоқсан, 2023

Жұқпалы дерттен қорғанудың амалы

191 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысында желтоқсанда зертханалық тексеру растаған қызылшаның 75 жағдайы тіркелді. Соның ішінде 68-і – Петропавл қаласында, екеуі – М.Жұмабаев ауданында және бір-бірден Аққайың, Айыртау, Мамлют, Қызылжар, Жамбыл аудандарында тіркелген.

Қызылшаның таралуын анықтау барысында оның бір-бірден Біріккен Араб Әмірліктерінен, Ресей Федера­ция­сынан және Қырғызстан респуб­ликасынан әкелінгені расталды.

Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық ба­қылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуына қара­ған­да, жас құрылымы бойынша сыр­қаттанғандардың ең көбі 15 жасқа дейінгілер арасында анықталған. Ондайлардың саны – 49 адам, бұл – барлық сырқаттың 65%-ы. Ал 15-тен 19-ға дейінгілер арасында – 23 сырқат, 20 мен 29 жастағылар арасында 14 адамның қызылша жұқтырғаны белгілі болды. Осының өзі бұл дерттің жас балалар мен жасөспірімдер арасына тез таралатынын көрсетіп отыр.

Барлық тіркелген науқастың 79%-ы – вакцина алмағандар. Бұлардың саны – 59 адам. 22 науқас вакцинадан жеке сенімі бойынша бас тартқан, ал 33 адам өздерінің вакциналаудан хабары болмағанын айтқан. Қалғаны – медициналық көрсеткіштер бойынша екпеден босатылғандар және вакциналау жасына жетпегендер.

Ересектерді әлеуметтік-кәсіптік құры­лым бойынша зерттегенде нау­қастардың ең көбі Әскери инс­ти­туттың қызметшілері арасынан шық­қан. Қызылшаға ұшыраған барлық адамның 29-ы, яғни 39%-ы осыларға тиесілі болып отыр. Күтімі аз балалар арасынан 15 адамның науқас екені анықталды. Ал оқушылар арасынан 10 баланың сырқат екені белгілі болған.

«Қызылшаның алдын алудың бірден-бір сенімді жолы вакциналау екенін ескере отырып, қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін еліміздің Бас мемлекеттік сани­тар­лық дәрігері «Қызылшаға қар­­сы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профи­лак­тикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулыға қол қойды. Осыған сәйкес 2023 жылғы 6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамық және паротитке қарсы қо­сым­ша жаппай иммундау жүргізу жалғасып жатыр. Облыста қызылшаға қарсы 3 900-дей бала жоспардан тыс екпе алды. Оның ішінде туғанына 6 айдан 11 айға дейінгі бөбектер – 1 103, 2 жасқа дейінгі сәбилер – 709, 2 жас­тан 4 жасқа дейінгілер  – 2 077 және т.б болған. Сонымен қатар 86 медицина қызметкеріне вакцина егілген», деді Ә.Жұматаев.

Қазақстанда сипаттамалары бо­йынша ДДҰ-ның барлық талабына сәйкес келетін, ел аумағында тіркелген вакциналар қолданылады. Қызылша ауа тамшылары арқылы бері­летін қауіпті инфекциялық ауру­ға жатады. Қызылшаның алдын алу­­дың ең тиімді жолы – вакцина алу. «Өз денсаулығыңызды күті­ңіз­дер, ас­қынуларды болдырмау және бас­қа­ларға жұқтырмау үшін сыр­қат пайда болған кезде дереу меди­ци­на­лық көмекке жүгініңіздер», деді Ә.Жұматаев.

 

Солтүстік Қазақстан облысы