• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Желтоқсан, 2023

Еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа жетті

208 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықымыздың санының 20 миллионға жетуін тарихи белес деп бағалады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы халық санының көбеюімен қатар азаматтардың орташа өмір сүру жасының көбейгенін тілге тиек етті. 

«Жақында Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл – тарихи белес. Оған бүкіл ел болып қуандық. Халық санының көбеюі мемлекетіміздің дамуына қосымша серпін беріп, елімізге абырой әкелетініне еш күмән жоқ. Сондықтан біздің негізгі мақсатымыз – барша жұртымыздың сапалы тұрмысын қамтамасыз ету. Былтыр еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасқа жетті. Бұл – еліміздегі медициналық қызметтің сапасымен қатар, азаматтардың әл-ауқаты жақсарып жатыр деген сөз», деді Президент. 

Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасында креатив индустрия мен мәдениеттің қанат жайып келе жатқанына мән берді. 

«Ұлт руханияты да жаңаша өркен жайып келеді. Ірі қалаларда, ауыл-аймақтарда мәдени жаңғыру байқалуда. Мысалы, еліміздің әр түкпірінде апта сайын ондаған концерт, спектакль қойылады. Соған қарамастан жұрт театрға билет таппай жатады. Қоғамымызда, әсіресе жастар қауымында креативті индустрия қарқынды дамып келе жатыр. Бұл – өте жақсы үдеріс», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, осыдан 10 жыл бұрын, 2013 жылы еліміздегі азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 70, 6 жас болған.