Биыл химия, физика, биология, STEM және робототехникаға арналған 1000 заманауи мектеп кабинеттерін ашу жоспарланып отыр. Бұл оқушылардың сапалы білім алуына ықпал етеді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
«Қосымша қаржыландыру арқылы 13 өңірде 700-ден астам пәндік кабинеттер алынады. Бүгінге дейін мектептерге барлығы 1067 оқу кабинеттері сатып алынып, орнатылды, жоспар 100 пайызға орындалды», делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетерлігі, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында пәндік кабинеттер жоспар бойынша толықтай қамтылды.