Кеше Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл жарыста 75 спортшы бақ сынап жатыр.
Жарыс жолына шыққандар арасында жастардың әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, ересектер арасында Қытай, Хорватия және Болгарияда өткен халықаралық турнирлерде жеңіс тұғырына көтерілген Михаил Шайдоров, біраз уақыттан бері айшықты өнерімен қалың көрерменді қуантып жүрген Рахат Бралин, Диас Жиренбаев, Анна Левковец, София Фарафонова және тағы басқа танымал спортшылар бар. Бұл бәсекенің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ертең анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Астанада жалауы желбіреген ел біріншілігінің жекелеген сайысында Михаил Шайдоров пен Анна Левковец топ жарды. Жастардың жарысы Артур Смағұлов пен София Коваленконың жеңісімен аяқталды.