Қазақстанның қол добы шеберлері Скандинавия түбегіндегі үш елде – Дания, Норвегия және Швецияда қатар өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын 29-орынмен қорытындылады.
Жерлестеріміз алғашқы екі кезеңдегі алты кездесудің бесеуінде жеңіліс тапты. Тарқатып айтсақ, Испания (17:34), Бразилия (16:46), Украина (24:37), Конго (36:37) және Чилиден (23:27) ұтылып, тек Ираннан (33:29) басым түсті. Соңғы матчты Парагвайға қарсы өткіздік. Біздің қыздар қанша жанталасқанымен қарсыластарымыз дес бермеді – 30:36. Сөйтіп, Қазақстанның гандболшылары аталған жарыста бақ сынаған 32 команданың арасынан 30-орынды қанағат тұтты.
Ал мықтылар жөнінде айтар болсақ, ширек финалдық сайыстар мынадай нәтижелермен аяқталды: Франция – Чехия – 33:22, Нидерланд – Норвегия – 23:30, Швеция – Германия – 27:20 және Дания – Черногория – 26:24. Бүгін жартылай финалда Франция – Швеция және Норвегия – Дания шеберлік байқасады.