• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Желтоқсан, 2023

Жаңа экономикалық үлгіге көшу барысы

113 рет
көрсетілді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Дипломатиялық бизнес клубтың отырысына қатысты. Іс-шарада дипломаттар, саясаткерлер және бизнесмендер Мемлекет басшысының бастамасымен іске асырылып жатқан еліміздің жаңа экономикалық үлгіге көшу барысын талқылады. Сондай-ақ олар бизнес-қауымдастықтың шетелдік дипломатиялық корпуспен ынтымақтастығының перспективаларына назар аударды.

Мәулен Әшімбаев Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елді жаңғырту бағытында кешен­ді реформа жүзеге асыры­лып жатқанын атап өтті. Со­ның нәтижесінде сая­си жүйе тең­герімді, ашық және демо­кратиялық тұрғыдан нығая түсті. Қазіргі таңда елдің алдында тұрған басты міндеттердің бірі –дамудың жаңа экономикалық үлгісін қалыптастыру.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2029 жылға қарай ұлттық эконо­миканың көлемін екі есе ұлғай­тып, 450 млрд долларға жеткізуді мақсат етіп белгілеп берді. Бұл ретте өсу негізінен өңдеуші өнеркәсіпті және экономиканың технологиялық секторларын дамыту есебінен болуға тиіс. Парламент жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыруда маңызды рөл атқаратыны анық. Біздің негізгі міндетіміз – барлық өзгерісті заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету», деді М. Әшімбаев.

Сондай-ақ ол Сенаттың саяси және әлеуметтік-экономика­лық рефор­маларды іске асыру жө­нін­дегі қызметіне тоқталды. Екі жыл ішінде сенаторлар адам құ­қық­­тарын қорғау жүйесін ны­ғай­­туға, азаматтардың өмір сүру деңгейін одан әрі артты­ру­ға және Қазақстанның үде­мелі эко­но­микалық дамуына бағыт­­т­алған 170-тен аса заңды ма­­құл­дады. Алдағы уақыт­та ин­­­весторларға қолайлы жағ­дай жа­­сау­ды көз­дейтін жаңа Бюд­жет және Салық кодекстері қабылданады.

М.Әшімбаев Қазақстан өңдеу өнеркәсібі, толық цикл­ді металлургия, машина жасау, агроөнеркәсіптік сектор және басқа да салаларда шетелдік инвестицияны тартуға мүдделі екенін тілге тиек етті. Палата спикері барлық бағыт бойынша, оның ішінде әлеуметтік салада инклюзивті дамудың маңыз­ына да назар аударды.

«Қазақстан бүгінде ашықтық қағидаттарын ұстанады. Сондай-ақ экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда өзге елдермен жан-жақты ынтымақтастықты бел­сенді дамытып келеді. Дипло­ма­тиялық бизнес клубы осы бағыт­тағы міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосады деп сенемін», деді Сенат төрағасы.

Кездесу кезінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев, Клубтың тең төрағасы Исламбек Салжанов, «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райым­бек Баталов, YPO Kazakhstan-ның төрағасы Қанат Көпбаев және тағы басқа қатысушылар сөз сөйлеп, баяндама жасады.

Айта кетейік, Дипломатия­лық бизнес клубы 2015 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен «Атамекен» ҰКП-ның бастамасымен құрыл­ған. Оның негізгі мақсаты – шетел­дік дипломатиялық кор­пус­тың Қазақстанның бизнес-қауымдастығымен сауда-эконо­микалық, білім және ғылым, мә­дениет салаларындағы өзара іс-қимылын дамытып, нығай­ту үшін бейресми алаң құру. Клубқа елде аккредиттелген шет мемлекеттердің дип­ло­ма­тиялық миссияларының, халық­аралық ұйымдардың, мем­ле­кеттік органдар мен квази­мем­лекеттік мекемелердің және ұлт­тық компаниялардың бас­шы­лары, YPO Kazakhstan мү­ше­лері, Қазақстандағы шет мем­ле­кет­тердің құрметті консулдары, сондай-ақ, республиканың бизнес-қауымдастығының көш­басшылары мүше.