• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 15 Желтоқсан, 2023

Qarmet -тің жаңа иесіне өндірістік қауіпсіздікті күшейту тапсырылды

155 рет
көрсетілді

Үкіметте Qarmet компаниясындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау тәртібі мен даму жоспары талқыланды. Кеңеске Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және компанияның жаңа басшысы Андрей Лаврентьев қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен талқылауда кәсіпорынның операциялық процестерін тұрақтандыру, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары сынды өзекті мәселелер қозғалды. 

Сондай-ақ Qarmet-тегі комбинат жабдықтарын жаңғырту, заманауи өндіріс технологияларын енгізу және өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарын арттыруды көздейтін инвестициялық бағдарламаны іске асыру жоспарланып отыр.

Кезең - кезеңімен жүзеге асырылатын жобаның бірінші кезеңінде шамамен 1,3 млрд доллар  қаржы бөлінеді.

Премьер-министр жаңа инвесторға, ең бастысы, жұмысшылардың қауіпсізідігін қорғау талабын қойды.

«Кәсіпорын жұмысшылары алдындағы барлық міндеттемелерді уақтылы орындау қажет. Осыған орай, өндірісті одан әрі серпінді дамытудың, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтудың және анықталған экологиялық заңнама талаптарын бұзушылықтарды кезең-кезеңімен жою маңызды», деді Әлихан Смайылов.

Кеңес нәтижесінде Qarmet-ті дамытудың әрбір бағыты бойынша орталық мемлекеттік органдар жаңа инвестормен бірге нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеу тапсырылды.