• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 15 Желтоқсан, 2023

Ішкі істер министрлігі «Шырша» акциясын бастады

142 рет
көрсетілді

Бүгіннен бастап ІІМ экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Шырша» акциясын бастады. Акция шеңберінде табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері орман алқаптары бойынша рейдтер жүргізеді, оған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы өкілдері де қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 50 АЕК-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

«Егер құқыққа қайшы әрекеттермен елеулі залал келтірілсе, онда бұл жағдайда 160 АЕК-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ шыршаларды немесе басқа қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сатудың немесе тасымалдаудың куәсі болсаңыз, тәртіп сақшылары бұл туралы «102» телефоны арқылы хабарлауды сұрайды», делінген хабарламада.