• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Президент 15 Желтоқсан, 2023

Президент YDA Industrial Park өндіріс кешенінің жұмысымен танысты

154 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Көпсалалы өндіріс кешенінің құрамына медицина және кеңсе жиһаздарын, медициналық жабдықтар, модульді құрылыстар мен металл конструкцияларын, терезелер мен витраждар шығаратын бес кәсіпорын кіреді.

Аталған бес кәсіпорын өзара тығыз байланысты, сол арқылы ортақ жобаны жүзеге асыруға бірлесе атсалысады. Бұл – кешеннің өзіндік ерекшелігі Ал өндірілетін өнімдер импортты алмастырады. Тауарлардың құны да, сапасы да шетелдік баламаларынан кем түспейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның өндіріс цехтары мен өнім түрлері қойылған шоурумды аралап көрді.

Жоба инвесторы, түркиялық YDA Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хуссейн Арсланның айтуынша, біріккен өндіріс алаңы жеке инвестиция (30%) мен қарыз қаражаты (70%) есебінен 2021-2022 жылдары іске қосылған. Жалпы құны 22 миллиард теңге болатын жоба аясында 300 адам жұмыспен қамтылған.