Мемлекет басшысына YDA Group өнімдерімен толық жабдықталған және компанияның қаржысына салынған «Harmony Steam School» мектебі таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар мұнда нақты ғылымдарға басымдық бере отырып, STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Math) технологиясы бойынша оқиды. Мектепті бітірген түлектер инженерлік мамандық алып шығады.
«STEAM – физика, математика сияқты техникалық пәндерге баса мән берілетін ерекше бағдарлама. Сапалы білімге қатысты барлық бастамаға оң көзбен қараймын. Біз сіздерді қолдаймыз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы отандық өндірісті дамыту және ірі жобаларды іске асыру кезінде жергілікті өнімдер мен қызметтердің үлесін арттыру маңызды екенін атап өтті.