• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Желтоқсан, 2023

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма?

216 рет
көрсетілді

Бұл сұраққа Сауда министрі Арман Шаққалиев жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арман Шаққалиев атап өткендей, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексінде өзгеріс байқалмады. «Қазақстанда баға мониторингін Ұлттық статистика бюросы жүргізеді, біз бұл деректерді үнемі қолданамыз. Кейінгі мәліметтерді айтайын. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өзгеріссіз болды. Онда 19 позиция бар екенін еске сала кетейін. Жай ғана өзгеріс жоқ. Жаңа жылдық қоржынға қатысты дастарханның баға индексіне сай белгілі бір болжам бар. Біз шартты түрде 37-ге жуық тауарды алдық. Кейбір позицияда белгілі бір өзгеріс бар. Мысалы, жұмсақ қаптамадағы сүт, мандарин, шампан сияқты», деді министр. Осы тұста министр кей азық-түліктің қымбаттап кету себебін түсіндіріп берді. «Қазір шамамен 10,3% жылдық инфляциямыз бар. Жаңа жылдық қоржын үшін ол шамамен 10-10,7% болады. Иә, өзгерістер бар. Бәріміз Жаңа жылда үлкен дастархан жайып, дүркіретіп тойлаймыз. Бұл - маусымдық кезең. Оның ішінде мереке қарсаңында бағаның өскені байқалады. Дегенмен оның индекстер шегінде белгілі бір мәні бар», деп түсіндірді Сауда министрі.