• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Үкімет 16 Желтоқсан, 2023

Экологиялық көліктің келешегі

99 рет
көрсетілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері туралы заң жобасы ұсынылады.

Заң жобасы Мәжіліс депутаттарының бас­тамасымен әзірленді. Онда тұрғын үйлерді, бизнес орталықтарды, сауда-ойын-сауық орта­лықтарын, қонақүйлерді, қоғамдық тамақтану орындарын және басқа да нысандарды салу кезінде, жол бойында, қоғамдық орындарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда элект­ро­мобильдерді зарядтау құрылғылары үшін жекелеген орындарды белгілеу қарастырылған.

Сондай-ақ Мәжілістің қарауына адамдардың реадмиссиясы туралы Қазақстан-Эстония үкімет­аралық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы енгізіледі.

Алдағы жалпы отырыста Палата комитеттері сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселе­леріне қатысты жаңа заң жобаларын да жұмысқа алады.

Сонымен қатар депутаттар Жекелеген ауди­тор­лық іс-шаралардың қорытындылары бо­йынша су ресурстарының басқарылу тиімділігін талдау туралы Жоғары аудиторлық палатаның есебін тындайтын болады.