• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Желтоқсан, 2023

Жолаушыларды қуантқан бағыт

91 рет
көрсетілді

Батыста орналасқан қос қаланың жолаушылары пойыз қатынасынан бірсыпыра қиындық көріп келген еді. Атырау және Ақтөбе арқылы тасжолмен сағаттап күтіп пойыз жолдың ретін таппай, қолайсыздыққа тап болатын.

Оның үстіне ауа райының құбылмалы кездерінде екі араға көлікпен қатынаудың да күрделі тұстары көп. Әсіресе қыстың көзі қырауда тайғанақ жолмен жүрудің жол апатына ұрындыру ықтималдылығы да жоғары еді. Енді   аталған жаңа бағыт арқылы жолаушылар бұл қиындықтан да түпкілікті құтылатын болды.Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қос қала арасына, яғни Оралдан Ақтауға жолаушылар по­­йы­зы жүре бастады.

– Бұған дейін Батыс Қазақстан облысына баратын маңғыстаулық жолаушылар әуелі Ақтөбеге жетіп, кейін «Ақтөбе – Орал» пойызына отыратын. Енді тіке жүреді, пойыздар таза, жылы.  Вагондар Қытайда құрастырылған, барлық жағдайы жасалған, – дейді «Жолаушылар тасымалы» Маңғыстау телімінің бастығы Қалиолла Сахиев.

Пойыз құрамы аса үлкен емес, 8 ва­гоннан тұрады. Ақтаудан Оралға әрбір айдың жұп күндерінде жүріп, екі ара­лыққа 35 сағат 47 минут жұмсалады. Билет құны да аса қымбат емес, 8000 тең­­­ге­­­­ден басталады.

Бұл тәуелсіздік мерекесіне орай  жолау­шыларға  уақыттан ұтылмауға және жол қауіпсіздігін сақтауға жасалған  жағымды жаңалық болды.      

                                                                             

Маңғыстау облысы