• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Желтоқсан, 2023

«Менің жасымды берсін». Димаш Құдайберген 94-ке толған КСРО Халық әртісін туған күнімен құттықтады

2415 рет
көрсетілді

Әнші, Қазақстанның  халық әртісі Димаш Құдайберген   КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтап, әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды  Egemen.kz.

«Бүгін - қазақ вокал өнерінің негізін қалаушылардың бірі, опера жанрынан бастап халық ән-күйіне дейінгі аралықтағы жанрдың бәрін жетік меңгерген ұлы әнші, Халық әртісі Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың туған күні!

Құрметті Бибігүл апа! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мәнді де мағыналы өміріңіз, пайым-парасатыңыз бізге өнеге. Құдай берген дарынды еңбекпен ұштастыра білген, ұлтқа деген мейір-махаббатыңыз бізге үлгі.

Бүкіл қазақ даласын әлі күнге дейін тербеп келе жатқан әуезді әндеріңіз үшін рақмет! Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Деніңізге саулық тілеймін! Тағы да туған күніңізбен, Апа!», деп жазды Димаш құттықтауында.