Ақтау қаласындағы NIS мектебінің оқушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханада «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар шеруін өткізді.
Аталған мектептерде тәуелсіздік мерекесін ұлықтаумен қатар, мектеп оқушыларына ұлттық дәстүрді насихаттау мақсатында осындай игі іс-шара ұйымдастырылған.
Биыл күйшілер шеруіне мектептің «Қос перне» домбырашылар ансамблінен құралған 120 күйші қатысты. Жас домбырашылар халық күйлерінен попурри, «Торжорға», «Ерке сылқым» секілді күйлерді орындап, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
– Халқымыздың мәдениеті мен музыкасын дәріптеу, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықты ұлықтауға тәрбиелеудегі бұл іс-шараның маңызы зор екендігін айтқым келеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қосымша білім беруді дамытудың 2030 жылға дейінгі концепциясы негізінде 7-сыныптар үшін домбыра сабағы міндетті түрде өткізіледі, – деді мектеп директоры Ринат Нұрланұлы.
Халқымыздың ұлы мұраларының иесі – жастар, олар қастерлеген құндылықтары мәңгі жасай бермек.
Маңғыстау облысы