• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Хоккей 16 Желтоқсан, 2023

Жапондарды жеңдік

63 рет
көрсетілді

Шайбалы хоккейден Мажарстанда өтіп жатқан бірінші дивизионындағы әлем біріншілігінде Қазақстанның жас­тар құрамасы кезекті жеңі­сіне қол жеткізді.

Бұл жолы Жа­по­ниямен күш сы­настық. Алғашқы гол­ды  Казума Сасаки соғып, өз командасын алға шығарды. Десек те бірінші кезең аяқталар тұста Егор Смолянинов таразы басын теңестірді. Үзіліс­тен кейін Кирилл Ляпунов мергендік танытса, 54-минутта Рус­лан Оспанов кез­десудің соңғы нүктесін қойды. Есеп – 3:1. Осылайша, жерлестеріміз қата­рынан төртінші ойында жеңіс тойын тойлады. Бұған дейін Сергей Старыгиннің шәкірттері Мажарстан (5:2), Дания (3:2) және Францияны (4:0) ұтқан еді.

Санкт-Петербургте «Бірінші арна кубогі» жолындағы жарыс басталды. Тұсаукесер кездесуін Беларуське қарсы өткізген Қазақ­станның ұлттық құрамасы 2:6 есебімен жеңі­ліс тапты. Біздің ойыншылар арасынан Мак­сим Мусоров пен Әлихан Өмірбеков нысананы дәл көздеді.