• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 15 Желтоқсан, 2023

Қатарда қатардан қалдық

62 рет
көрсетілді

Қатардың бас шаһары – Дохада ауыр атлетикадан Гран-при турнирі аяқ­талды. Өкінішке қарай, жарыс жолына шыққан бірде-бір жерлесіміз жеңіс тұғырына көтеріле алмады.

Ең үздік нәтижеге Ақмолда Сайрамкез қол жеткізді. 67 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан қандасымыз қоссайыстың қоры­тындысы бойынша 294 (126+168) кг салмақты еңсеріп, төртінші орынға табан тіреді. Бұл тартыста Ақмолда Солтүстік Корея, Болгария және Түрікменстанның спорт­­шыларынан қалып қойды. Өзге зілтемір­шілеріміздің нәтижелері одан да төмен. Тіптен, 81 кг салмақта сынға түскен Рио Олим­пиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиаданың жеңімпазы, Азия чемпионы Денис Улановтың өзі 14-орынды қанағат тұтты.

Ерлер мен әйелдерді қоса алғанда жалпы есепте Солтүстік Корея құрамасына тең келер команда табылмады. Дохада сарапқа салынған 18 бас жүлденің тоғызын солар иеленді. Екін­ші орында – Қытай. Қытай елінің өкілдері үш алтынды олжалады. Сондай-ақ теңдессіз деп танылғандар қатарында Латвия, Болгария, Түркия, Қатар, Әзербайжан және Арменияның бір-бір зілтеміршісі бар.