16 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00 шамасында 31 және 51 жастағы екі жергілікті тұрғын Шортанды өзені арқылы үйге баратын жолды кесіп өтуге шешім қабылдаған. Салдарынан мұз опырылып суға түсіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төрт полиция қызметкері оқиға орнына 4 минут ішінде келді. Құтқару кезінде құтқару тростары мен жилеттер пайдаланылды.
Тәртіп сақшыларына тез әрекет ету керек болды. Патрульдік полицейлер Нұрлан Шукманов пен Руслан Кужахметов мұз үстімен жүріп, тереңдігі шамамен 6 метрлік суға секірді.
Олар суға кеткен тұрғындарды тез арада жағалауға тартып, қалған екі полиция қызметкері кезек-кезек тросты ұстап тұрды.
«Тұрғындарды жедел жәрдем алып кетті. Олардың жағдайы тұрақты. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
Полицейлер суға түскен формасын ауыстырып, қызметтерін жалғастырды», - деп жазды ІІМ-нен.