• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Желтоқсан, 2023

Шавкат Рахмоновқа кезекті жеңісі үшін қанша ақша берілгені белгілі болды

1321 рет
көрсетілді

Қазақстан файтері Шавкат Рахмоновтың (18-0) Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) жеңгені үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

MMA Salaries мәліметі бойынша, Шавкат Рахмонов бұл жекпе-жек үшін «Номад» карьерасындағы ең қомақты гонорар – 306 мың доллар (150 мың жекпе-жек үшін, 150 мың доллар жеңісі үшін, тағы 6 мың доллары – демеушілердің бонусы) алды.

Алайда оның қарсыласы көбірек алған. Томпсонның бұл жекпе-жектегі табысы 416 мың доллар болды (400 доллар жекпе-жек үшін және демеушілер тарапынан ынталандыру үшін 16 мың доллар берілген).