Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың әкесі өмірден озды. Бұл туралы актер өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Менің жүрегімді уайымдап жүргенде өзінің жүрегі тоқтады, қайран әкем өте жақсы адам болып өттің өмірден», делінген жазбада.
Еске салайық, бұған дейін актердің жүрегіне операция жасатудан бас тартып, заманауи әдіспен емделіп жатқанын хабарлаған едік.