• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Желтоқсан, 2023

Қаңтарда ел азаматтары қанша күн демалады?

1444 рет
көрсетілді

2024 жылдың қаңтар айында Қазақстан халқы 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар. 2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді. Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Содан кейін 3, 4, 5 қаңтар – жұмыс күні. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі жексенбіге түскендіктен, қосымша демалыс күні берілмейді. Сәйкесінше, 5 күн жұмыс істейтіндер 6, 7 қаңтарда әдеттегідей демалады.