• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 20 Желтоқсан, 2023

Ұлттық қордан балаға ақша түсу үшін ата-ана не істеу керек?

12853 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 16 қараша күні Ұлттық қордан балаларға ақша төлеу туралы заңға қол қойды. Құжатта қаралған мәселе 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге аса бастайды. Яғни, Ұлттық қорға түскен инвестициялық табыстың 50 пайызы 18 жасқа толмаған балалардың есепшотына аударылып отырады, деп жазады Egemen.kz.

Алдын ала болжам бойынша, 2024 жылы 18 жасқа толатын азаматтар бір жыл үшін 160–170 доллар алады. Ал биыл дүниеге келген балалар 18 жасқа толғанда, 3,5 мың доллар алуы ықтимал.

Қордан қаржы доллар ақша бірлігімен аударылып отырады. Есепшотта жиналған соманы бала тек кәмелет жасқа жеткенде қолдана алады. 

«Ұлттық қор - балаларға». Ата-аналар не істеу керек?

2006 жылы және одан кейінгі жылдары дүниеге келген балалалары бар ата - ана перзенті ұлттық қордан бөлінген қаржыдан қағылмай, кепілді түрде ақша түсіп тұру үшін: 

Баланың жеке басын куәландыратын құжат, оның ішінде ЖСН алу керек; Кәмелетке толмаған баланың базадағы мәліметтерін: тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы; 18-ге толмаған баланың ЖСН мен азаматтығын тексеру; «Электрондық үкімет» веб-порталындағы «Балалар туралы ақпарат» тарауындағы жеке кабинетте бала туралы ақпараттың болуын тексеру қажет.

Арнайы есепшот ашу керек пе?

Ұлттық қордан балаға ақша түсіп тұру үшін, түрлі мекемеге сабылудың қажеті жоқ. 

1. Шоттар «БЖЗҚ» АҚ-да (екінші деңгейдегі банктерге жүгіну талап етілмейді) Әділет министрлігінің жеке тұлғаларының дерекқоры негізінде автоматты түрде ашылатын болады.

2. Жыл сайын қаңтар айында жобаға қатысқан сәттен бастап 18 жасқа толғанға дейін «БЖЗҚ» АҚ-дағы балалардың шоттарына шартты түрде қаражат түсіп тұрады.

Мысалы, егер бала жоба басталған кезде 5 жаста болса, оған жыл сайын 13 жыл ішінде, яғни кәмелетке толғанға дейін Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі аударылады.

Қордағы қаржыны бала қашан ала алады?

18 жасқа толған кезде қаражат баланың меншігі болып есептеледі. Ол жиналған қаражатты қалай пайдалануды өзі шешеді. (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға). Үкімет бұл ретте шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалануды шектемеу туралы шешімді қарастырып жатыр.

Өз кезегінде Тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты пайдалануға тек Қазақстан аумағында ғана рұқсат етіледі. Осы қаражатқа сатып алынған тұрғын үйді қайта сату бойынша шектеу қойылмайды.