• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Желтоқсан, 2023

Жасөспірімдердің қысқы олимпиадасына қанша жолдама алынды?

128 рет
көрсетілді

Келесі жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпан аралығында  Оңтүстік Кореяда өтетін жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасына қанша жолдама бұйырғаны  белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында өтетін IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына әзірге 30 жолдама  еншімізде.

«2012 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жасөспірімдердің дүбірлі додасына еліміздің спортшылары биыл төртінші мәрте қатыспақ. Қазіргі таңда Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қоржынында биатлон, конькимен жүгіру, шорт-трек, керлинг, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайл параллель могул түрінен жолдама бар. Десе де, жолдама саны әлі де толыға түсуі мүмкін. Өйткені жасөспірімдер Олимпиадасына лицензия беретін жарыстар жалғасын табады», деп жазылған ақпаратта.

IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты 2024 жылдың 19 қаңтарында Каннындағы Gangneuung Oval спорт кешенінде өтсе, Ойындардың жабылу салтанаты 2024 жылдың 1 ақпанында Gangneung Olympic Park спорт кешенінде ұйымдастырылмақ.