Футболдан Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкері қызметіне Қайрат Нұрдәулетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайрат Нұрдәулетов 1982 жылы дүниеге келген. Кәсіби ойыншы ретінде «ЦСКА-Қайрат», «Есіл-Богатырь», «Ертіс», «Қайрат», «Тобыл», «Астана» және «Қайсар» командаларында ойын көрсетті.
Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына енді. Кейін Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.
2023 жылы Түркістан облысының «Мақтарал» клубында бас бапкер міндетін атқарып, аталған ұжымның Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлесін қосты.
Ал «Жетісу» биыл Премьер-лигада 11 орынды місе тұтты. Бас бапкер міндетін Асқар Қожабергенов атқарып келді.