• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Ауа райы 21 Желтоқсан, 2023

Синоптиктер ескертеді: елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

1719 рет
көрсетілді

Қазақстан синоптиктері 2023 жылғы 22 желтоқсан, жұмаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, елордада жауын-шашын күтіледі, Алматы мен Шымкентте +11°C дейін жылы болады.

Астанада – көшпелі бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан түнде 9-14, күндіз 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0-2°С;

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз +3+5°C;

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -4-6°C, күндіз +9+11°C.

Болжам бойынша Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады – жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Елдің қалған бөлігінде жауын-шашын күтілмейді, Қазақстанда тұман, көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте бұрқасын болады.

Бұдан бөлек таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл өңірінде 30 м/с және одан да жоғары жел соғады.