• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Желтоқсан, 2023

Батыс Қазақстан облысында ірі газ кен орны пайдалануға берілді

256 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында «Рожковское» ірі газ конденсаты кен орны өнеркәсіптік пайдалануға берілді. Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір режимінде табиғи газ және конденсат өндіру жобасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Газ конденсаты кен орны 2008 жылы кең ауқымды геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде ашылды.

2040 жылға дейін мұнда 14,2 млрд текше метр шикі газ және 7,1 млн тонна конденсат өндіру жоспарланып отыр. «Рожковское» кен орнын игеру арқасында Ұлттық қор 501 млрд, жергілікті бюджет 110 млрд теңгеге толығады деп жоспарланып отыр.

Премьер-министр бұл жобаның стратегиялық маңызы зор екенін айтты.

«Рожковское» кен орны қосымша табиғи газ көзіне айналады. Кен орнында өндірілетін шикізат «Жайықмұнай» компаниясында өңделетін болады. Аталған жоба шетелдік компаниялармен серіктестікте жүзеге асырылып отыр, ол қажетті жобалық шешімдерді дайындау мен қолдану барысында озық халықаралық тәжірибені қолдануға мүмкіндік берді», деді Әлихан Смайылов.