«Қазгидромет» РМК 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер ел аумағында циклонның ықпалы сақталатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
«Осыған байланысты 26 желтоқсан күні қар, жаңбыр жауып, көктайғақ, тұман, бұрқасын болады және желдің жылдамдығы секундына 15-28 метрге дейін күшейеді, 26 желтоқсанда солтүстік өңірлерде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.