Экология 27 Желтоқсан, 2023

Қаракөл жағалауынан отыз аққудың өлексесі табылды

241 рет
көрсетілді

Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағы Қаракөл көлінің жағалауынан 30 аққудың өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарақия-Қарақөл табиғи резерватының инспекторлары 21 желтоқсан күні табиғатты қорғау жұмыстары кезінде 30 құстың өлексесін тапты.

Қазіргі таңда микробиология және вирусология орталығының қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аққулардың өлімінің себебін анықтап жатыр.