• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Желтоқсан, 2023

Қуанышты жаңалығым бар: бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы тағы жазба жариялады

23009 рет
көрсетілді

Еуропалықтар асырап алған қазақ баласы Эдди Жан, туғанда қойған есімі - Жәнібек, алайда өзін Мұрат деп атағанды жөн көретін ол Instagram-дағы парақшасында қуанышты жаңалығын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

«Құрметті қазақ елі қуанышты жаңалық бар! 

Бүгін болжамды екі ананың ДНК сараптамасының нәтижесі белгілі болмақ!Аз уақыт қалды, мен дәл қазір толқып отырмын.

Анашымды тауып, құшағыма аламын деген үміттемін!» деген Жәнібек.

Айта кетейік, Арқалықта туып, Бельгияда өскен Мұрат анасынан хабар болмаса да, үмітін үзбейтінін айтқан болатын. 

«Егер анамнан ешқандай хабар болмаса, бұнымен тоқтамаймын. Іздеймін, зерттеулерді жалғастырамын. Менімен бірге дұғада болған әрбір адамға шын жүректен алғыс айтамын.

Бұл іздеу әлі аяқталған жоқ. Мен Анамды сіздердің көмектеріңізбен табамын. Рақмет сіздерге», дейді ол.