• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Желтоқсан, 2023

Прокуратура кәсіпкерге сүйеу болды

145 рет
көрсетілді

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Прокуратураның басым бағыттарының бірі инвесторлардың мәселелерін тиімді шешу және олардың құқықтарын қалпына келтіру. Осы жұмыс аясында елорда прокуратурасы кәсіпкерлер палатасының алаңында 350 жұмыс орны ашылатын  құны 6 млрд теңге болатын сауда орталығын салу жобасын жүзеге асырып жатқан инвестормен кездесу өткізді. Энергия беруші компания инвесторға ұзақ уақыт бойы электр желілеріне қосылудың техникалық шарттарын бермегендігі анықталды. Отырыс қорытындысы бойынша мүдделі тұлғаларға нақты ұсыныстар айтылып, кәсіпкердің түйткілді мәселесін шешу талқыланды. Нәтижесінде прокуратураның үйлестіруімен мәселе шешіліп, инвестор қажетті құжатты алды. Инвестициялық жобаны қолдау жалғасуда және прокуратура басшылығының бақылауында», деп жазылған ақпаратта.

Астаналық инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында прокуратурада мобильді топ жұмыс істейді.