• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Желтоқсан, 2023

Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды ұрлаған азамат ұсталды

132 рет
көрсетілді

Семей қаласында тарихи құндылыққа жататын алтын бұйымдарды заңсыз айналымға салған азамат ұсталды. Өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктіден сақ дәуіріне тиесілі 4 алтын бұйымды тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.

Тінту барысында аң стилінде жасалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 грамм 4 алтын әшекей тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайтынын мәлімдеді.