• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Желтоқсан, 2023

Инфрақұрылым әбден тозған – Премьер-министр

104 рет
көрсетілді

Премьер-министр  Әлихан Смайылов «24KZ» телеарнасына берген сұхбатында өңірлерде жылу, энергия және сумен жабдықтау саласында жинақталған проблемаларды шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Үкімет басшысы телеарна тілшілеріне берген сұхбатында  бұған дейін инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлінбегенін  айтты.

«Бірнеше жылдан бері  тарифтер жасанды түрде тежелді, яғни көтерілмеді. Жылу, энергия, сумен қамтамасыз ету және су бұру желілерін жаңғыртуға және күрделі жөндеуге қаражат салынған жоқ. Инфрақұрылым әбден тозған, тіпті кей жерлерде жағдай өте қиын болды. Сондықтан биыл инфрақұрылымды жаңарту және жөндеу бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық. Мұндай жұмысты бір жылдың ішінде жасау мүмкін емес. Жұмыс тұрақты негізде жүруі керек. Ол үшін біз арнайы «Тарифті инвестицияға айырбастау»  бағдарламасын қабылдадық. Тозуды нормативтік деңгейге дейін төмендету үшін бұл жұмыстардың барлығы ең кемі 5-6 жыл бойы жүруі керек. Жағдай біртіндеп түзеледі», деді Ә.Смайылов.

Осы уақытқа дейін мемлекет   желілердің барлығын жаңғыртуға және күрделі жөндеуге шамамен 300 млрд теңге жұмсады. ЖЭО-дың меншік иелері де тиісті жұмыс жүргізіп, энергия көздерін жөндеуге 19 млрд теңге қаражатын шығындаған.