Бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Instagram парақшасында жазба жариялап, Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ойын тарқатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның сөзіне қарағанда, қылмыс орын алғаннан бері ол не болғанын түсінуге тырысқан.
- Балаларыммен бірге біз Салтанаттың отбасына орны толмас қазаға шын жүректен қайғырып көңіл айтамыз. Мен оны жеке танымадым, бірақ балалар онымен дос болды және оны жарқын, мейірімді және өте жанашыр адам ретінде еске алады. Бұл қасірет, өйткені мұның барлығын өздеріне жақын болып көрінетін, оларға тірек, үлгі болуы тиіс адам істеген. Бұл қорқынышты, ұят және адам төзгісіз азап, - дейді экс-шенеуніктің бірінші жары.
Сондай-ақ Назым балаларының басынан өткен қиыншылықтарды, әрине, Салтанаттың жақындарынан айырылу азабымен салыстыруға келмейтінін атап өтеді.
- Дегенмен мен олардың әрқашан жақсылық жағында болатынына сенемін және білемін. Осы сенімнің арқасында балалар да, мен де алға жылжып келеміз», - деп жазды ол.
Айта кетейік, 2017 жылы Бишімбаев сотталған кезде қасында Назым болған. Ерлі-зайыптылар 14 жыл бірге өмір сүрген, экс-министр 2020 жылы бостандыққа шыққаннан кейін ажырасқан. Ерлі-зайыптылардың үш баласы бар.
Салтанат Нүкенова 9 қараша күні қаза тапты. Ал Қуандық Бишімбаев ұсталды.