• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Әскер 30 Желтоқсан, 2023

Боксшы Санжар Тәшкенбай әскерге аттанды

2144 рет
көрсетілді

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Қарулы Күштері қатарына қабылданды. Боксшы әскери бөлімде ант қабылдап жатқан суретін әлеуметтік желіде жариялап, «Отанды сүю – иманнан» деген жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетсек, 20 жасар Қазақстан боксшысы Иордания астанасы Амманда өткен 2022 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.

Биыл мамыр айында Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшысы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарған еді.