Ауа райы нашарлап, қар аралас жаңбыр, көктайғақ секілді қолайсыздықтардан республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ ұсынған мәлімет бойынша, 6 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Ақмола облысында – 5 учаске;
Жамбыл облысында – 1 учаске;
Жетісу облысында – 1 учаске;
Қарағанды облысында – 6 учаске;
Павлодар облысында – 1 учаске;
Ұлытау облысында – 1 учаске.
Барлық көлік түрлеріне шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта жолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.