Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстанда «Аяз атаның туған күні» атты фэнтези-қойылым өтті. Ертегі қойылымын халық ертегілерінің кейіпкерлері Ер Төстік пен Ақшақар жүргізді.
Аяз ата салтанатты рәсімге өзімен бірге күні-түні сарайын әртүрлі дұшпан мен жауыздан қырағылықпен қорғайтын қазақ халық ертегілеріндегі тұрақты серіктес батырларын ерте келіпті. Аяз атаны туған күнімен құттықтауға әр елден ертегі кейіпкерлері келген екен.
Мерекеге жиналған балалар Аяз ата мен Ақшақарды, Санта Клаус пен Лапландиядан келген эльфтерді, айдаһарларымен келген қытайлық Аяз ата Шань Дань Лаоженді қол соғып қарсы алды. Содан кейін Аяз атаның қалалық резиденциясының салтанатты ашылуы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оның туған үйі Катонқарағай ауданындағы Коробиха ауылында орналасқан. Ал мұнда облыс орталығындағы Аяз ата резиденциясы этнопаркте орналасады.
Резиденцияның ішінде шай, тәтті-дәмділер сататын сауда нүктелері, пошта және Аяз атаның жұмыс орны, екінші қабатында оның жатын орны орналасқан. Содан кейін Аяз ата көпшілік қонақтарымен бірге Республика алаңына бет алды. Мұнда Аяз аталар мен Ақшақарлардың шеруі болып, олар басты алаңда саппен жүріп өтті.
Аяз ата мен балалар Шығыс Қазақстан облысының бас шыршасын жағу рәсімін өткізіп, жаңа жылдық шыршаны айнала қол ұстасып ән шырқап, би биледі. Мерекелік кеш облыстың түрлі ұжым әртістерінің орындауындағы музыкамен, әндермен және би өнерлерімен жалғасты.
ӨСКЕМЕН