• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Желтоқсан, 2023

Жаңа жылда жаңа аудандар құрылады

219 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облы­сын­­да қос ауданның хал­қы ма­лақайларын аспанға атып, қуанып жатыр. Жаңа жыл қарсаңында Мемлекет бас­­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб­ли­­ка­­сының әкімшілік-аум­ақ­­­тық құрылысының кей­бір мә­селелері туралы» Жар­лыққа қол қойды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Катонқарағай ауданының әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылынан Катонқарағай ауылына көшірілетін болды. Сол секілді Күршім ауданының құрамынан бөлу жолымен Марқакөл ауданы құрылады.

Бұл жаңалықты естіген Ка­тонқарағай мен Марқакөл тұр­ғындарының қуаныштары қойын­дарына сыймады. Катон­қара­ғайлық­тар кешкілік мәдениет үйі­не жиналса, Марқакөл жұрты ауылдың кіреберіс қақпасында бас қосып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеролик ар­қылы алғыстарын жеткізді.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Жаңа жыл қарсаңында сіз бізді қуанышқа бөлеп отырсыз. Катонқарағай жеке аудан болды. Сізге зор алғысымызды айтамыз! – деді аудан тұрғыны, ардагер журналист Жәнібек Қызыр.

Сол секілді шекара шебінде жат­қан Марқакөл тұрғындары да ақ­жарма тілектерін жаудырып жатты.

Қуанса қуанғандай. Мәселен, Марқакөлдің түу түкпіріндегі Ба­лық­тыбұлақ, Шанағатты секілді ауылдың тұрғындары тілдей қағаз үшін 200-300 шақырымды басып өтіп, аудан орталығы – Күршімге сабылысты. Сайрап жатқан болса, тағы бірсәрі. Тау қойнауындағы ауылдардың аудан орталығына жетулері бейнет еді. Сол сияқты Катонқарағайдың арғы басындағы Аршаты, Берел елі де жүздеген шақырымды артқа тастап, Үлкен Нарынға шабылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық үніне құлақ асып, ел тілегін орындады. Иә, мемлекет басшысына Шығыс Қазақстан тұрғындарының алғысы шексіз.

Әлбетте, құрылған аудандар бір күнде аяқтан тұрып кете қоймас. Дейтұрғанмен, рес­ми түрде дербес аудан болып, жұ­мыс істейтін болады. Тари­хи сәттің басында тұрған жауапты жұмысшылар үшін оңай бол­масы анық. Десе де, Жаңа аудан­ның халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла кіріс­кендері дұрыс шығар.

 

Шығыс Қазақстан облысы