• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 03 Қаңтар, 2024

Мен үшін қазір мемуар жазып отыратын уақыт емес - Президент

1419 рет
көрсетілді

«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы Президенттен Тәуелсіз Қазақстанды тұңғыш басқарған Н.Назарбаевтың жақында жарыққа шыққан мемуарын оқығаннан кейінгі әсерін бөлісуді сұрады, деп жазады Egemen.kz.

Сұхбат алушы Дихан Қамзабекұлы аталған мемуарда жазылған тарихи оқиғалардың тікелей куәгері ретінде Президенттен әсерін бөлісуді және өзінің мемуар жазатын ойы бар-жоғын сұрады.

«Бұл кітап тәуелсіз мемлекет құру ісінің жылнамасы ретінде оқырман қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Кезінде бір айтқыш «Мемуарда шындықтың жартысы айтылса да, ол тарихи оқиғалардың ауқымын бағамдауға жеткілікті» деген екен.

Нұрсұлтан Назарбаев – бірнеше дәуірге куә болған тарихи тұлға. Ол өз ман­сабын комсомол белсендісі ретін­де Хрущев заманында бастап, ара­да алпыс жылдан астам уақыт өткен­­нен кейін қызметтен кетті. Қазақ­стан­ның тәуелсіз мемлекет болып қалып­тасуы­на қосқан үлесін бәрі біледі. Ол – әділ тарихи бағасын алуға лайық адам.

Мен мемуарларды, публицистика­лық шығармаларды, саяси очерктерді әрдайым ыждағатпен оқимын. Ал сұраққа келсек, мен үшін қазіргі кезең мемуар жазып отыратын уақыт емес», деп жауап берді Қ.Тоқаев.