Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев былтыр 26 наурызда «Астана Арена» стадионында өткен Қазақстан-Дания матчында бапкерлік қызметтен кету туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Qazsport телеарнасы түсірген «На пути к мечте» деректі фильмінде Магомед Мұсаұлы стадионда қабылдаған шешімі туралы айтты.
«Біздің жігіттер 1-таймда 0:2 есебімен ұтылды. Үзілісте киім ауыстыратын бөлмеде шәкірттеріме өз ойымды айттым. Егер біз 2-таймды да әл осы қарқынмен өткізіп, жеңілсек, мен матчтан кейін бас бапкерлік қызметімді өткізетінімді жария түрде жеткіземін дедім. Біз тым болмаса қарымтаға 1 гол соқсақ, ойын басқаша сипат алатынын айтып, жігіттерді қайрадым», деді М.Адиев.
Қазақстан ұлттық құрамасы сол матчта Дания футболшыларын 3:2 есебімен ұтқан еді.