• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2024

Медина, Айша, Хамза: 2023 жылы елімізде ең көп қойылған есімдер аталды

193 рет
көрсетілді

2023 жылы туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдер 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Қыздарға ең жиі қойылған 10 есім тізімі өзгеріссіз қалса, ұлдар арасында Хамза есімі Рамазан есімін ығыстырып, алғашқы ондыққа кірді. Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылдың танымал 10 есімін тізіп шықсақ, ұлдар арасында Әлихан, Омар, Әмір, Алдияр, Айсұлтан, Алан, Әли, Нұрислам, Мухаммад, Хамза есімдері ең көп қойылған.

Қыздар арасында Медина, Айша, Айлин, Асылым, Сафия, Томирис, Раяна, Амина, Аяла, Айым есімдеріне қызығушылық жоғары болып тұр.

Аталған тізімді 2013 жылмен салыстыратын болсақ, Әлихан, Әмір және Нұрислам есімдері ұлдар арасында әлі де танымал. Қыздар арасында Айша мен Әмина есімдері жиі қойылатын есімдер қатарынан он жыл бойы түспей келеді.

2013 жылдың танымал 10 есімі: ұлдар арасында Ерасыл, Әлихан,Санжар, Нұрасыл, Мирас, Артем, Нұрислам, Әмір, Арсен, Рамазан есімдері танымалдылыққа ие болған.

Қыздар арасында Айзере, Айару, Кәусар, Інжу, Айша, Аружан, Аяулым, Әмина, Іңкәр, Диана есімдері жиі қойылған.