• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Саясат 05 Қаңтар, 2024

Сенат Төрағасы атыраулықтармен кездесті

230 рет
көрсетілді

Бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Атырау облысындағы мәслихаттар депутаттарымен, жұртшылықпен, ақсақалдармен және жастармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Сенаттың мәслихаттармен бірлескен жұмысындағы негізгі бағытының біріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету және өңірлерді дамытуға жәрдемдесу жатады.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қамтылған міндеттерге назар аударды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сұхбатында демократиялық реформалардың жүйелі ғана емес, ешқашан кері қайтпайтын түбегейлі сипатқа ие болғанын қадап айтты. Жалпы, өткен жылы азаматтарымыздың конституциялық құқығының қорғалуына кепіл болатын жоғарғы орган – Конституциялық Сот жұмысын бастады. Алғаш рет азаматтарымыз аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлады. Осы және өзге де жетістіктер мен бастамалар осы жылы да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуімізге берік негіз болады деп сенеміз. Қазір еліміздің алдында ауқымды мақсаттар тұр. Бұл мақсаттарға бірлесіп әрекет еткенде ғана жететініміз сөзсіз», деді Сенат Төрағасы.

Оның пікірінше, Сенат пен мәслихаттардың өзара іс-қимылының маңызды бағыты – заңдардың, ұлттық бағдарламалар мен жобаларды өңірлерде іске асыру сапасына мониторинг жүргізу. Осы орайда жергілікті жерде проблемалар анықталса, қалалар мен ауылдардың ерекшеліктерін ескеріледі.

«Атырау облысы шетел инвестициясын тарту бойынша көш бастап тұр. Өнеркәсіп өнімінің көлемі ұлғайып келеді. Аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны өсті. Дегенмен, шешімін күткен мәселелер жоқ емес. Тұрғындарды экология, оның ішінде ауаның ластануы және су мәселесі алаңдататынын білеміз. Инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту мәселесі өзекті болып отыр. Біз өз тарапымыздан облыстың өзекті мәселелерінің шешілуіне тиісті көмекті көрсетеміз», деді Мәулен Әшімбаев.