Алматы облысында ер адам колонияға ұялы телефонды шұжық ішіне жасырып өткізбек болған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 барынша қауіпсіздігі жоғары мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды. Телефонды шұжықтың ішіне жасырған ер адам оларды бандероль арқылы жіберді. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. Бандерольден ішінен шыққан MI телефоны тәркіленді», делінген ақпаратта.
ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша материал жиналып, ер адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілгенін айтты.