• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қаңтар, 2024

Жамбыл облысында кәсіпорын мемлекетке тиесілі 4 көлікті заңсыз сатып жіберген

180 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын мекеме меншігіндегі  4 көлікті  заңсыз есептен шығарып, сатып жібергенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Кәсіпорын басшылығы мекемеге тиесілі нарықтық құны 22 млн теңгені құрайтын 4 автокөлікті  жалған құжат рәсімдеу арқылы жарамсыз көлік құралы ретінде заңсыз есептен шығарып, тиісті аукцион өткізбей, тікелей үшінші тұлғаларға сатып жіберген.

Аталған дерек бойынша Талас ауданының прокуратурасы қылмыстық іс тіркеп, облыстық басқармаға жолдады.

Қазіргі таңда мекеме басшыларының іс-әрекеттері ҚК-тің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (жымқыру) және ҚК 369-бабы 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық) сараланды.   

Тергеп-тексеру барысында құны 17 млн теңгені құрайтын 3 автокөлік  мемлекетке қайтарылды, төртінші автокөлікті қайтару бойынша шаралар қабылданып жатыр.