• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қаңтар, 2024

«10 күннен бері хабар жоқ»: Алматы облысында жоғалған әйел табылмай жатыр

2468 рет
көрсетілді

10 күн бұрын үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған әйел адам ізделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Lider kz еріктілері мәлім еткендей, Алматы облысының Кеген ауылы тұрғыны 1990 жылғы Әбдіманапова Мөлдір Берікқызы із-түссіз жоғалып кеткен. 

Туыстарының айтуынша, ол 2023 жылдың 25 желтоқсанында таңғы сағат 06:00-де үйінен шығып кеткеннен кейін қайтып оралмаған. Аталған ақпаратты Облыстық полиция департаменті растады.

Ведомство хабарламасында: «Еріктілер, құтқарушылар, полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», делінген.