• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Қаңтар, 2024

Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды

512 рет
көрсетілді

Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап.

Абай облысында — бір учаске

«Алматы-Өскемен» тасжолының 615-683 шақырым аралығы, Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылына дейін.

Жетісу облысында — 2 учаске

«Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін — 100 км;

«Алматы-Өскемен» автожолында 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қаласы — Абай облысының шекарасы, 58 км.

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады. Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылған.