• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қаңтар, 2024

Орал дәмханасындағы жарылыс: жалға алушы ұсталды

1524 рет
көрсетілді

Оралдағы жарылыс болған «Rizuq» дәмханасын жалға алған кәсіпкер ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Жарылыс болған дәмхананы жалға алған кәсіпкер қамауға алынды. Прокуратура жарылысқа қатысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті ҚР қылмыстық кодексінің 292 бабы 3-бөлігі «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша тергеуді бастады.   «Осы қылмысты жасады деген күдікпен дәмхананы жалға алушы кәсіпкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар жасалады. Іс бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалды», деп хабарлады аймақтық Прокуратура.