• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қаңтар, 2024

АҚШ жыл соңында НЛО-ға қатысты қандай заң қабылдады?

172 рет
көрсетілді

2023 жылдың соңында Америка конгресі белгісіз ұшатын нысандар туралы ақпараттарды құпия ұстамау туралы заң жобасын қабылдаған. Бұл туралы Egemen.kz New York Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Талқылаулардан соң қабылданған заңға сәйкес, кейінгі 25 жылдағы «анықталмаған аномальдық құбылыстарға, шығу тегі белгісіз технологияларға және адамға тән емес интеллектке» қатысты құжаттарды ашық жариялауға болады.

Енді қабылданған НЛО туралы заң жобасын АҚШ Президенті бекітуі керек. Сонымен қатар аталған заң ұлттық қауіпсіздік мақсатында кейбір материалдардың құпиялығын сақтауға да мүмкіндік берді.